25 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №459

298 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2016 жылғы 18 тамыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға  рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 476-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан ерте емес. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №459 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлемдері Р/с № Экономикалық қызмет түрінің атауы Айлық есепті мөлшек көрсеткішпен рлемелер шетелдік жұмыс керлердің бірінші санаты шетелдік жұмыс керлердің екінші санаты шетелдік жұмыс керлердің үшінші санаты шетелдік жұмыскер- лердің төртінші санаты 1 2 3 4 5 6 1 Ауыл, орман және балық шаруашылығы 137 158 179 200 2 Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 154 178 202 225 3 Өңдеуші өнеркәсіп 154 178 202 225 4 Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау 137 158 179 200 5 Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдық­тарды жинауды және бөлуді бақылау 137 158 179 200 6 Құрылыс 171 198 224 250 7 Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу 154 178 202 225 8 Көлік және қоймаға жинау 137 158 179 200 9 Тұру және тамақтану бойынша қызметтер 137 158 179 200 10 Ақпарат және байланыс 137 158 179 200 11 Қаржы және сақтандыру қызметі 137 158 179 200 12 Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар 137 158 179 200 13 Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет 137 158 179 200 14 Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 137 158 179 200 15 Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 137 158 179 200 16 Білім беру 137 158 179 200 17 Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер 137 158 179 200 18 Өнер, ойын-сауық және демалыс 137 158 179 200 19 Өзге де қызмет түрлерін ұсыну 154 178 202 225 20 Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін үй шаруашылықтарының қызметі 137 158 179 200 21 Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі 137 158 179 200